RU
Толық нұсқаға өту

Инвесторлардың елге келуі жеңілдей түсті 

19.04.2026, 19:21 62

Инвесторлардың Қазақстанға келуі жеңілдей түсті. Бизнесмендер мен шетел азаматтары үшін елге кіру, виза рәсімдеу және рұқсат құжаттарын алу тәртібі оңтайланды. 

Инвестициялық режим аясында түрлі жеңілдік ұсынылып отыр. Инвесторлар мен кәсіпкерлер инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тетіктерін де пайдалана алады. Сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыс істеуге келетін шетел азаматтарына жеңілдетілген шарттар қолжетімді. ІТ саласы, оның ішінде жасанды интеллект инженері, ақпараттық жүйе мамандарына қажеттілік басым. Сонымен қатар денсаулық сақтау, креативті индустрия, жаратылыстану ғылымдары, инженерлік және өңдеу салаларында сұраныс жоғары. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің азаматтары Қазақстан аумағында рұқсат құжаттарынсыз еркін жұмысқа орналаса алады. Дәл осындай қағидат бойынша қазақстандықтар да одаққа мүше елдерде еңбек етіп жүр. Биыл жоғары сұраныстағы мамандықтар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 5,1 мың рұқсат берілді. Еңбек иммигранттарына шамамен 75 мың рұқсат рәсімделді. Биыл шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы 23,6 мың, ал еңбек иммигранттарын тарту квотасы 221,8 мың адамды құрайды.

Азамат Байғалиев, саясаттанушы:

- Осы ережелер ең алдымен әлемдік деңгейдегі мамандар жетіспейтін салаларға жоғары кәсіби кадрларды тарту мәселесін шешуге бағытталған. Қазіргі заманғы экономика сапалы жұмыс орындарын құруға негізделген. Алайда мәселе мынада: Қазақстан бұл жаһандық бәсекеге енді қосылып жатыр. Иә, бізде түрлі бағыт бойынша кадрлар қалыптаса бастады. Мұның бәрі білім беру саласындағы бастамалардың және шетелдік серіктестерімізбен ынтымақтастықтың жемісі. Дегенмен қазіргі экономика үшін білікті мамандар дәл қазір, дәл бүгін қажет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz