RU
Толық нұсқаға өту

Қазақша сөйлеген кәріс азаматы жұрттың ықыласына бөленді

20.04.2026, 11:30 47

Кешелі-бері желіде қазақша сайрап тұрған кәріс жігіттің талабы талайды тәнтті етті. Ол мүдірместен ана тілімізде сөйлеп, өзінің бастан кешкен оқиғаларын жеке парақшасында бөлісті.

33 жастағы өзге ұлттың ұлы Қызылорда қаласында туған. Орысша ортада тәрбиеленген ол қазақ тілін арнайы сабақ алып үйренбепті. «Тіпті мектепте орыс сыныбында оқыса да, қазақ балаларының қасына ере жүріп машықтандым», - дейді. Алғашында «қ», «ғ» әріптерін досымнан күні бойы сұрап қайталап жаттыққаным есімде деп ағынан жарылды. Владислав Пак 20 жасында Оңтүстік Кореяға оқуға кеткен. Жігіт Қазақстанды сағынғанын да жасырмады. Айтуынша, көбіне қазақша әндер тыңдап сағынышын басады екен. 

Жастан емес, ниеттен

Желіде бата жаттайтын дәптерін толықтырып жатқан ер кісінің мына видеосы тарады. Әкесінің әрекетін мақтанышпен бөліскен қызы оны сыртынан таспаға түсіріп алған. Сөзінше, 67 жасқа келіп бата жаттау да оңай емес. Қария бүгінге дейін таңдап, талғап батаның түр-түрін осылай түртіп отыратын көрінеді. Оның осындай ынтасына көпшілік ерекше ықылас білдірді. «Жаттау жаттаған мидың жұмысын жақсартады. Дұрыс! Қария батасымен рух береді! Сізден үйрену керек екен», - деп оған жазылған тілектер легі толассыз.

Кішкентай қыздың ерекше қылығы

Ал мына видео оқырмандарды күлкіге қарқ қылды. Бейнежазбада бүлдіршіннің қазанның ішіне түсіп алған сәті көрінеді. Оның бұл қылығы көпшіліктің көңілін көтеріп тастады. Анасының парақшасындағы жазбаны бөлісіп, жариялап жатқандар көп. Пікір білдірушілер бұл жағдайды балалықтың шынайы әрі аңғал көрінісі ретінде бағаласа, енді бірі кішкентай қыздың сорпаға деген «ерекше махаббатын» әзілмен жеткізуде. Қысқа уақыт ішінде видео мыңдаған қаралым жинап үлгерген. «Ақылды қыз екен, ішіп те, денесіне жағып та таза табиғи коллаген екенін біледі екен» - деп жазды оқырмандар. Жалпы мұндай сәттер бала көңілінің тазалығы мен шынайылығын тағы бір мәрте дәлелдесе керек.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz