Биыл 1 шілдесінен бастап электр скутерлерді пайдалануға қосымша талаптар енгізіледі.
Онда жауапкершілікті міндетті сақтандыру және кикшеринг компанияларға қойылатын талаптарды қатаңдату қарастырылған. Бұл туралы ведомствоаралық комиссия отырысында Ішкі істер министрі хабарлады. Ал Премьер-министр әкімдіктерге қысқа мерзімде электр скутерлердің тұрақ орындарын анықтап, тиісті инфрақұрылым құруды тапсырды. Өңірлік жоспарларда веложолдарды дамыту да қаралады. Отырыста жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты бірқатар дерек айтылды. Ішкі істер министрдігінің хабарлауынша, жыл басынан бері жол қозғаласы ережесі 3 млн рет бұзылып, 5,5 мың жүргізуші мас күйде ұсталды. Жол апаттарының 90%-ы жүргізуші кінәсінен болады. Қазір қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында республика жолдарында 30 мыңға жуық камера жұмыс істеп тұр. Орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізіліп, бейнебақылау желісі кеңейтілуде.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Көлік тәртібі мен жүргізуші мәдениетін арттыру үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізу. Жуырда Мемлекет басшысы ғалымдарды марапаттау рәсіінде бұл мәселеге тағы да назар аударды. Жүргізушілер ережелерді тек камералардың бақылау аумағында ғана емес үнемі сақтау керектігін түсінуге тиіс. Елордада «жасырын» патрульдеу тәжірибесі сәтті қолданылуда. Белгілі бір нәтиже бар. Қалған өңірлерге де бұл тәжірибені енгізу керек. Ішкі істер, Оқу ағарту, Мәдениет және ақпарат министрліктері, Әкімдіктер жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейтсін.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Олжас Бектенов #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz