Дербес деректерді қорғау күшейтіледі. Енді жеке мәліметтерді өңдеуге берілген келісімді кері қайтаруға болады.
Ол үшін Egov Mobile мобильді қосымшасына жаңа тетік қосылады. Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі осылай деді. Сондай-ақ Жаслан Мәдиев «дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңға өзгерістер енгізілетінін жеткізді. Дербес деректер операторларының тізімі жасалып, оның бұзылуы жайлы азаматтарды хабардар ету міндеттеледі. Конституциялық реформаға сәйкес деректердің жаппай таралып кетуіне қатысты қосымша қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #дербес деректер #құқықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz