RU
Толық нұсқаға өту

Мұғалімдерді аттестаттау тәртібіндегі өзгеріс

20.04.2026, 17:40 35

Еліміздің педагогтері енді міндетті пәндік білімді бағалауға арналған тестілеуден босатылады.

Бұдан былай жұмысқа алынған жас мамандар мен қызметін қайта бастаған оқытушылар тестілеуден өтеді. Бұл тәртіп білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарларына да қатысты. Саладағы өзгерісті оқу-ағарту вице-министрі мәлімдеді. Ақпарынша, ұстаздардың ендігі жерде жұмысы жеңілдеп, олардың біліктілігін арттыруға басымдық берілмек. Педагогтерді аттестаттау талабынан эссе жазу, ғылыми мақалаларды жариялау, авторлық бағдарлама мен оқу әдістемелік материалдарын жазу алынған. Тағы бір жаңашылдық - цифрландыру.

Шынар Қуанышқызы, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:

- Барлық біліктілік санаттары бойынша аттестаттау ақпараттық жүйемен интеграцияланған «Ұстаз» платформасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде педагогке қатысты негізгі мәліметтер автоматты түрде қалыптасып, еңбек өтілі, біліктілігі мен кәсіби жетістіктері жүйеленеді. Бұл құжат айналымын қысқартып, аттестаттау рәсімдерін ашықтығы мен қолжетімдігін қамтамасыз етеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz