Маңғыстау облысында нөсер жауыннан кейін жайылымдағы жылқылар қырылып қалған. Жер сор балшыққа айналып, мал шыға алмай қалыпты.
Ауыл тұрғындары Сайөтес елдімекені мен №7-ші теміржол бекеті арасында батпаққа батып өлген жылқылардың видеосын ғаламторға жариялап, дабыл қақты. Бұл оқиға бойынша жедел штаб құрылып, қырылған мал саны анықталып жатыр. Одан бөлек, күшті дауылдан Сайөтес пен Ақшымырау елдімекенінде бірнеше ғимараттың шатыры қирап, жер үйлердің ауласына су кірген. Қазір жағдай тұрақталды. Мамандар жаңбыр суын сорғызу, бүлінген нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
Талғат Қылаңов, облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:
- Арнайы комиссия құрылып, малдарды түгендеу және оларды жою бағытында жұмыстар ұйымдастырылып жатыр. Енді бұл жерде малдың нақты санын айту мүмкін емес. Себебі жердің техниканың жүруіне қолайсыздығына байланысты тұрғындар өздері шығып, қазір малдарын түгендей алмай жатыр. Соған біздер өндірістерден жол талғамайтын көліктерді алып беріп, көмектесіп жатырмыз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Маңғыстау #жылқы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz