Жыл соңына дейін елде төрт жаңа әуежай пайдалануға беріледі.
Үшеуі курорттық аймақтар - Қатон-Қарағай мен Кендерліде, сондай-ақ Зайсан қаласында бой көтерсе, төртіншісі Арқалық қаласының әуежайы. Қазір бұл нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр, - дейді Азаматтық авиация комитеті өкілдері. Жаңа әуе айлақтары ішкі және халықаралық рейстерді қабылдай алады. Алдағы үш жылда салада 11 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асады. Биыл халықаралық әуе желісін 135 бағытқа дейін кеңейту жоспарланып отыр.
Сәрсен Жарылғасов, ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары:
- Мысалы, Қатон-Қарағай, Зайсан, Кендірліде жаңа әуежай, ал Арқалықта бұрын болған әуежайды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жобалар биылғы жылы аяқтау жоспарланып отыр. Толық көлемде қаржыландыру бар, мердігерлер бар сондықтан биыл күтіп отырмыз. Бұл жобалар туризм саласы мекендерге үлкен әсерін береді деп сенеміз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #әуежай #Көлік министрлігіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz