RU
Толық нұсқаға өту

Спорт клубтарында қаражат негізсіз жұмсалған

20.04.2026, 20:00 34

Атырау облысындағы мемлекеттік спорт клубтарында бюджет ақшасы мақсатсыз жұмсалған.  

Білім басқармасына қарасты балалар және жасөспірімдер дене шынықтыру клубтарына мемлекеттік аудит жүргізіліп, 251 млн теңгенің ысырап болғаны анықталды. 112 млн теңге тиімсіз пайдаланылса, 78 млн теңге дұрыс жоспарланбай, жұмсалған. Одан бөлек, 60 млн теңге болатын өзге де қаржылық заңбұзушылықтар тіркелді. Еңбекақыны дұрыс есептемеу,   іс-сапар шығындарын артық не, кем төлеу сияқты деректер бойынша жауаптыларға тиісті шаралар қабылданды.

Болат Әнжанов, облыстық Тексеру комиссиясының мүшесі:

- Осы анықталған бұзушылықтардың 10 пайызы бюджетке өтелді. Бақылау барысында анықталған әкімшілік құқықбұзушылық фактілері бойынша 26 факт бойынша уәкілетті органдарға жолданған болатын. Ал бүгінге дейін 15 фактісі бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің бұзушылықтары, бухгалтерлік есептің бұзушылықтары бойынша 1 млн 965 мың теңге айыппұлдар салынды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz