Қызылордада оң жаға магистральды су арнасы арқылы өтетін автокөлік көпірінің құрылысы басталды. Жоба құны 1 млрд теңге. Өткелдің ұзындығы 56, ені 14 метр.
Мұнда жарық бағаналары мен жаяу жүргіншілер жолы да салынады. Жаңа нысан «Қызылорда-Жезқазған» тас жолының бойындағы «Бәйтерек» ықшам ауданы мен қала орталығын байланыстыратын төте жол болмақ. 980 гектардан астам аумақты алып жатқан бұл ауданда 6600 жер телімі бар. Тұрғын үй салу үшін жер учаскелері 2016 жылы беріле бастаған. Қазіргі уақытта тұрғындар қала орталығына айналма жол арқылы қатынап жүр.
Асхат Жаңабергенов, Бәйтерек ықшам ауданының тұрғыны:
- Бұл жерге қаншама халық қазір келіп жатыр, қоныстанып жатыр. Тұрғындар саны өсіп жатыр, сондықтан бұл жерге өткел салудың маңызы өте зор. Каналдың арғы басындағы көпірмен қалаға өтеді. Ол жер алыстау келеді. Сондықтан жақын жерден көпір салғаны бізге өте керемет деп ойлаймын.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қызылорда #көпірPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz