RU
Толық нұсқаға өту

Алматылық жастар дебатта бақ сынады

20.04.2026, 23:30 38

Алматыда «Конституция және жастар» тақырыбында республикалық пікірталас турнирі өтті.

Осымен 4-ші рет ұйымдастырылған Daryn Cup сайысында 160-қа жуық оқушы бақ сынады. Мұнда Тараз, Шымкент, Түркістан, Қонаев қалаларының үздік дебат клубтары бас қосты. Дебат ойындары мегаполистегі мектептердің бірінде өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл оқушылардың көшбасшылық қасиетін көрсететін алаң. Бұл жерде жасөспірімдер жаңа Конституцияны жан-жақты талқылады. Балалар үшін бұл жәй сөз таластыру емес, өз пікірін айғақтармен дәлелдейтін алаң. Жарыс Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өтті. Дебатта алматылық оқушылар топ жарды. 

Қайрат Мұқашев, Абай ұлттық мектебінің директоры:

- Пікір сайыс алаңы болашақ көшбасшылардың алаңы. Сондықтан да осы пікірсайыс арқылы олар өздерінің азаматтық ұстанымдарын қалыптастырады. Сол ұстанымдары арқылы ертең қоғамға пайдалы бастамалар, жалпы жобаларды жүргізу, осының барлығы осы пікірсайыста қалыптасады.

Арсен Сейдолла, жарысқа қатысушы:

- Ең алдымен, мен өзімді жайлы сезінетін, бағалайтын ортам. Екіншіден, дебат маған өте үлкен мүмкіндіктер сыйлай білген, мектеп қабырғасында уақытымды тек қана сабақпен өткізуден бөлек, өзімді шығармашылық жағынан дамытуға мүмкіндік берген орта деп білемін. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz