RU
Толық нұсқаға өту

Е. Қошанов ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің отырысына қатысты

20.04.2026, 21:10 31

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің отырысына қатысты. 

Мәжіліс спикері қазіргі жаһандық саяси тұрақсыздық жағдайында парламенттік дипломатия бейбітшілік пен жалпыға ортақ өркендеу жолындағы маңызды біріктіруші тетікке айналып келе жатқанына назар аударды. Сондай-ақ ол Парламент өкілдеріне Қазақстанның жаңа Конституциясының негізгі ережелерін таныстырды.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Президенттіктің алғашқы күндерінен бастап Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев маңызды саяси реформаларға бастамашы болды. Жаңа Конституция олардың логикалық нәтижесіне айналды. Мемлекет басшысының бастамасы бойынша Әділетті және Прогрессивті Қазақстан құру Ата заңның басты мақсаты ретінде бекітілді. Адамның мүдделеріне бағытталу принципі жаңа әрі терең мазмұнмен толықты. Адам, оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты құндылығына айналып отыр. Біз қос палаталы Парламенттен бір палаталы Парламентке өтеміз. Оған Құрылтай атауы берілді, оның мүшелері тек партиялық тізімдер бойынша сайланады.

Ассамблея қызметіне тоқталған Мәжіліс төрағасы депутаттардың өзара жүйелі жұмыс атқарғанына назар аударды. Айта кету керек, Ассамблея қабылдаған модельдік заңдардың ауқымы өте кең. Онда ұжымдық қауіпсіздіктен бастап терроризм, экстремизм, заңсыз есірткі айналымы және трансұлттық қылмысқа қарсы іс-әрекетке дейін қамтылған.

Айгүл Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- 20 жылда Ассамблея қалыптасу жолынан өтіп, ұйымға мүше елдердің ұлттық заңнамаларын жақындастыру және үйлестіру бойынша жемісті жұмыс атқарып келеді. Біз жыл бойы әртүрлі модельдік заң жобаларын қарастырамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz