RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында ірі агрожобалар жүзеге асып жатыр

20.04.2026, 21:30 35

Алматы облысының Кеген ауданында ауыл шаруашылығын дамытуға серпін беретін ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Кегенде ашылатын  жүн және сүт өңдеу кешендері 60-тан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Жалпы өңірде агроөнеркәсіп пен туризмді дамытуға бағытталған 50-ден аса инвестициялық жоба қолға алынды.

Кегендік кәсіпкер Сәбит Әлиев 10 жылдан бері ата кәсіппен айналысады. Бұған дейін сүт өнімдері цехын ашса, енді жүн өңдейтін  зауыт құрылысын бастады. Құны 1,5 миллиард теңге болатын жоба іске қосылғанда, 50-ден астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады. Кәсіпорында қой жүні толық циклмен өңделіп, көрпе, текемет және өзге де тұрмыстық бұйымдар дайындалады.

Сәбит Әлиев, «Mergen Holding» ЖШС бас директоры:

- Мүмкіндігі 2000 тоннаға дейін қойдың жүнін терең өңдейміз. Яғни жуамыз, түтеміз, одан дайын өнім шығарамыз. Қазақстанда бұның аналогы жоқ комбинат болады. Дайын өнімді Қазақстанның ішінде, сосын жуылған, түтілген волокна өнімді Қытайға экспорттауға келісімшартымызды дайындап қойдық. Жобамызды Қытай сатып алады.

Кегеннің іргесінде ірімшік өндіретін заманауи зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Кәсіпорында тәулігіне 30 тоннаға дейін сүт өңделіп, жоғары сапалы ірімшік дайындалады. Зауыт іске қосылғанда 10-нан астам жергілікті тұрғын  жұмыспен қамтылады.

Нұрбақыт Теңізбаев, аудан әкімі:

- Ауыл шаруашылығы және электр қуаттарын өңдіру, туризм бағытында қонақ үйлер, бәрін санасақ 50-дің үстінде өте ірі жобамыз бар. 2025-2029 жылдарға 200 миллиардтың үстінде инвестиция. Халықты тұрақтатып қалу мақсатында, ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында және туризм саласының дамуына және жұмыс орындарын ашуға осындай инвесторлар тартып жатырмыз.

Жобалардың жүзеге асуы Кеген ауданының экономикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған, - дейді жауаптылар.

Авторлары: Гүлім Советқан, Аят Дүйсембай

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz