Бүгін құрлық әскерінің құрылған күні.
Құрамы жағынан саны көп әскери құрылымның діңгегі 1993 жылы бекіді. Оның құрамына «Астана», «Шығыс», «Батыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтары, тылдық және техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бөлімдері, Құрлық әскерлерінің әскери институты, Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжі кіреді. Олар жауынгерлік әзірлікті сақтау, оқу-жаттығулар өткізу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың салдарын жоюға да қатысады. Биыл қысқы оқу кезеңінде Құрлық әскерлерінде жауынгерлік даярлық бойынша 17 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Оның 12 мыңнан астамы практикалық атыстарды қамтиды. Бұдан бөлек танктер мен жауынгерлік машинадан 5 мыңнан астам атыс жүргізілді. Офицерлік құрамның біліктілігін арттыру мақсатында «Тактик», «Абырой», «Зымыран» курстарының даярлығы жолға қойылды. Онда кіші командалық буынның кәсіби деңгейі тұрақты түрде жетілдіріліп отырады.
Тегтер #құрлық әскерлері #Қазақстан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz