Алдағы 15-20 жылда Орталық Азияда су тапшылығы қаупі күшеюі мүмкін. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының мамандары осылай деп мәлімдей келе, су қауіпсіздігі жөніндегі талдамалық баяндаманы таныстырды.
Құжатта өңірдегі су ресурстарының қазіргі ахуалы, климаттық өзгерістердің ықпалы және негізгі тәуекелдер кешенді түрде талданған. Сонымен қатар су ресурстарын басқару тиімділігін арттыру, оны әділ бөлу және түрлі секторлар арасындағы үйлесімділікті күшейту мәселелеріне назар аударылған. Cарапшылар: «Су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өңірлік деңгейдегі ынтымақтастық пен келісілген саясат шешуші рөл атқарады», - дейді.
Барбара Януш-Павлетта, Су ресурстарын басқару жөніндегі халықаралық институттың Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі:
- Су ресурстары трансшекаралық сипатқа ие болғандықтан бұл мәселені бір елдің деңгейінде шешу мүмкін емес. Ең маңыздысы –өңірлік ынтымақтастықты күшейту, өзен алаптарын бірлесіп басқару және деректермен алмасу тетіктерін дамыту. Осындай үйлесімді саясат қана Орталық Азиядағы су қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.
Тегтер #су қауіпсіздігі #баяндама #Орталық АзияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz