RU
Толық нұсқаға өту

Ата заң: өткен мен бүгіннің арасындағы сабақтастық

21.04.2026, 17:14 20

Қазақ халқы қай заманда болмасын Ата заңға құрметпен қарап, ерекше мәртебе берген. 

Қасым ханның «Қасқа жолынан» бастап, бүгінгі Конституцияның негізгі мақсаты мемлекеттік ішкі тәртібін, тыныштығын сақтап, әділеттілікті қамтамасыз ету. Ал  азаматтардың құқығы мен теңдігі бірінші орында болған. Осылай деген тарихшылар мен заңгерлер басты құжат саналатын ата заңның өткені мен бүгіні арасында сабақтастық барын айтады. Сондықтан әр азамат Конституцияны білуге және орындауға міндетті.

Өтелбек Шнанов, тарихшы:
-
Конституциямызда көрсетілгендей, адам мен оның құқықтары бас бостандығы мәселесін сақтау болса, хандар заманында да әділеттілік пен мемлекеттің тұтастығын сақтау мәселесінде және тәрбиелік мән де бар. Халықтың құқықтық сауаттылығын артуында ерекшелік бар. Әділеттіліктің орнауына мемлекеттік ұйымдардың хандық заманында да, қазіргі заманда да атқаратын қызметтері, талаптары өте жоғары деп айтсақ болады.

Нұрлан Жаңабаев, заңгер:
Қасым ханның қасқа жолы кодексіне сәйкес билік кейбір шешімді қабылдаған кезде қоғам қабылдамаса, ол заңсыз болады. Өзіңіз білесіз, ал қазіргі таңда әр мемлекеттік орган құзіретті өздерінің әрекетіне сәйкес тиісті заңнама қабылдайды. Оның бәрі заңмен шектеледі Заңдастыру және құқықтық баға беру бізде Сот арқылы шешіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz