RU
Толық нұсқаға өту

«Самұрық-Қазына» АҚ әлеуметтік жобаларға 700 млрд теңге бөлді

21.04.2026, 17:20 35

«Самұрық-Қазына» қоры 100-ден аса әлеуметтік жобаны іске асыруға 700 миллиард теңгеден астам қаражат бөлді. 

Оның ішінде Астана мен Алматы қалаларындағы екі заманауи медицина орталығы да бар. Ұлттық компания инклюзивті ортаны қалыптастырып, сапалы білім беруде бірқатар шараны қолға алған. Атап айтқанда, паравелоспорт секциясы, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жазғы лагерь және кәмелет жасқа дейінгі жеткіншектерді тегін оңалтудан өткізу көзделген. 

Ерекше балалардың еміне қаржылай қолдау көрсетіп, жеткіншектердің сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау – «Самұрық-Қазына» қорының басты әлеуметтік жауапкершіліктерінің бірі. Бұл бағытта 3 жылдан бері еліміз бойынша 55 оңалту орталығы ашылып, онда жыл сайын церебральды сал ауруы, аутизм, нейро-ортопедиялық бұзылыстар және Даун синдромы бар 21 мыңнан аса бала тегін бейімдеуден өтіп жатыр.

 Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:

- Мұндай балалар үшін тағы бір жоба «ДЦП Life» жазғы лагері де оң әсерін тигізіп отыр. Бүгінде дәл осындай лагерь бізде ғана бар. Соңғы үш жылда лагерьде 1500-нан астам бала қатысты. Бұл бағытта да нақты нәтижелер бар: 59 бала кәсіби параспортпен айналыса бастады, ал екеуі Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.

Бұған қоса, Қор осы уақытқа дейін 700 мың адамға шақталған 19 спорт кешенін тұрғызған. Нәтижесінде соңғы 3 жылда 400-ге жуық республикалық жүлдегер және 15 халықаралық турнир чемпионы шыққан. Компания мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуына да көңіл бөліп отыр.

Ғибрат Ауғанов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры:

- Бізде 2019 жылдан бері Q-Samuryq платформасы бар. «Бүгінгі таңда бізде 3042 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыс жасайды. Яғни мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған значоктеріміз бар. Сол жерге кіріп, тіркеліп, бос лауазымдарға конкурсқа  қатыса алады.

Осылайша, Қор қызметі әр адамның білім алуына, жетілуіне және өзін-өзі дамытуына тең мүмкіндіктер туғызатын инклюзивті қоғам қалыптастыруға бағытталған.

Авторлары: Назым Кенжебай, Ғалымжан Абдылахат

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz