RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында Қайыңды көліне жол салынып жатыр

21.04.2026, 19:35 31

Алматы облысында Қайыңды көл бағытындағы жолдың құрылысы басталды. Ұзындығы шамамен 10 шақырым болатын жол демалушылардың туристік аймаққа жетуін жеңілдетпек. 

Қазір көлге тек жол талғамайтын көлікпен жетіп, одан әрі жаяу жүруге ғана мүмкіндік бар. Осыған қарамастан Қайыңды көлі былтыр 200 мыңнан аса демалушыны қабылдаған.  

Ілияс Жанұзақов, Мердігер ұйымның өкілі:

- Республикалық трасса мен Қайыңдының жолын жасап жатырмыз қазіргі уақытта. Өзіміз асфальтты жаз айларына, маусымға жоспарлап жатырмыз. Қыркүйек айларына қарай бітіп қалатын шығармыз. Тауды жарып, мына жердің ойығын төменге түсіріп, бізге шығып-түсуді кішкене азайту керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz