RU
Толық нұсқаға өту

Жапонияда Қазақстан тәжірибесі таныстырылды

21.04.2026, 20:48 27

Қазақстанның инвесторлар құқығын қорғау тәжірибесі Жапонияда таныстырылды. 

Токиода өткен халықаралық дөңгелек үстелде Бас прокуратураның Инвесторлар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы инвестициялық дауларды реттеудің жаңа тетіктері жайында баяндады. Шара үздік тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды. Қатысушылар инвестициялық саладағы қақтығыстарды азайту жолдарын талқылады. Азия даму банкі ұйымдастырған басқосуға  Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің, халықаралық ұйымдардың өкілдері және медиация, арбитраж, құқық саласындағы жетекші сарапшылар қатысты.

Бауыржан Ералы, Бас прокуратураның Инвесторлар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы:

- Бүгінгі диалог инвестициялық дауларды реттеу саласындағы үздік тәжірибелермен алмасу алаңы болды. Диалогта Қазақстанның медиация саласында инвесторлар құқығын қорғау мәселесі бойынша тәжірибемен бөлісу өте маңызды. Себебі елімізде Қазіргі таңда инвесторлардың құқығын қорғау саласында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Басқа мемлекеттерден тәжірибе алу да біз үшін маңызды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz