RU
Толық нұсқаға өту

«TURGYNDAR AMANATY»: Алматы облысында жергілікті халықтың мәселелері тыңдалды

21.04.2026, 23:28 20

Алматы облысында көпқабатты үйлердің тұрғындары өздерін толғандырған түйткілдерді көтерді. 

Бүгінде жергілікті халықты қөпқабатты үйлерді басқару, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы сұрақтар алаңдатады. Ұсыныстар «AMANAT» париясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында ұйымдастырылған басқосуда тыңдалды. Жиында пәтерлерді күтіп ұстау жұмысының тиімділігін арттыру жайы да сөз болды. «Жобаны ұйымдастырушылар бұл бастама әрбір тұрғын үшін қауіпсіз, жайлы әрі сапалы өмір сүру ортасын құруға бағытталған», - дейді.

 

Тәрбие Еркінбаева, «Қапшағай пәтер қызметі» ЖШС директоры:

- Осы үкіметтің біздің ескі үйлерімізге көп көмегі тиеді деп ойлаймын. Себебі Қапшағайда көп жұмыстар жасалып жатыр. Қапшағайымыз гүлденіп келе жатыр, көркейіп келе жатыр.

 

Ержан Жылқыбаев, «AMANAT» Партиясының Хатшысы:

- Бұл реформалар әрбір қала тұрғынының тұрмысына тікелей әсер етеді. Тариф, абаттандыру, жарықтандыру, лифт, интернет пен қауіпсіздік мәселелер. Сондықтан біз көппәтерлі тұрғын үйлерге қатысты өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін партия бастамасымен «TURGYNDAR AMANATY» жобасы іске қосылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz