Аста-төк дүние жоқ. Біздің ел ауыл шаруашылығына жұмсалатын суды 30 пайызға үнемдейді.
Қазір елдегі тіршілік нәрінің 60 пайыздан астамын агросектор пайдаланады. Сондықтан егісті әртараптандыруға көңіл бөліне бастады. Су үнемдеу технологиясын енгізу міндет. Мемлекет тарапынан қолдау бар. Диқанның жаңа технологияны құруға жұмсаған шығыны 80 пайызға дейін өтеледі. Қолдау тетіктері жемісін бере бастады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын 150 мың гектар алқапта су үнемдеу желісі іске қосылып жатыр. Бүгінде елдегі суармалы алқап 1 млн 300 мың гектардан асады. Оның жартысына жуығы үнемдеу технологиясымен жабдықталған. Үкімет жоспары келешекте барлық алқапты осы технологияға көшіруді көздейді.
Ақерке Молдабек, ҚР СРИМ Су үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің бас сарапшысы:
- 543 мың гектардың ішінде 313 мың гектары бізде жаңбырлатып суару технологияларымен суғарылады. Ал 167 мың гектары тамшылатып суару технологияларымен суғарылады. 65 мың гектары лазерлік тегістеумен тегістеліп отыр, Қызылорда облысындағы күріш алқаптары. Қазіргі таңда көріп отырмыз, осы іс-шаралар суды ауыл шаруашылығы бөлінісінде 20-30 пайызға дейін үнемдеуді көрсетіп отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #су #ауыл шаруашылығы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz