RU
Толық нұсқаға өту

Қарағанды облысында өнер мектебі пайдалануға беріледі

22.04.2026, 09:50 24

Қарағанды облысының Нұра кентінде жаңа өнер мектебі ашылады. Қазір құрылыс жұмыстары аяқталып қалды.

Бұл өңірдегі ауыл аймақта ашылған жалғыз өнер мектебі емес, былтыр да 4 ауылда осындай жаңа мәдени нысандар ашылған. Оған қоса кейінгі екі жылда көптеген ауылда ескі клубтар жаңғыртылды. 

Өнер мектебінің құрылысы аяқталуға таяу.  Қазір қасбеті жөнделіп жатыр. Ішкі әрлеу жұмысы да жосапрға сай жүріп жатыр. Мердігер мекеме ғимараттың сыртын әсемдеп, маңайын абаттандыруды да өз мойнына алған. 

Жәнібек Қалдарұлы, жоба жетекшісі:

- Сыйлық сияқты фасадта ою-өрнектері, дала жұмыстарында талдарымыз, мафтарымыз болады.  80 пайызға құрылысымыз бітіп тұр. Қазір 1 шілдеге дейін тапсырамыз деп отырмыз.

Нысан құрылысына 671 млн теңге бөлінді. Кент тұрғындары мектептің ашылуын асыға күтуде. Себебі балалар ескі ғимаратқа барып жүр. Ал жаңа ғимаратта барлық жағдай бар. Хореография залы мен түрлі үйірмеге арналған кең бөлмелер және 100 орындық акт залы да талапқа сай.  

Ерлан Асылхан, Нұра ауданы құрылыс бөлімінің басшысы:

- Кенттегі заманауи мәдени ошақ болады. Маңайын түгел абаттандырамыз. Көпшілік отырып демалатын орындар, автотұрағы болады. Бізде мәдениет үйі бар, бірақ ол ескі. Ал мұнда барлығы қазіргі талапқа сай , өнерпаздармыз үшін өте жайлы болады.

Қарағанды облысында ауылдық жерлерде 173 мәдени нысан жұмыс істейді. Соңғы екі жылда біразы жаңғыртылып, Көкпекті, Үштөбе, Доскей және Жаңаталап ауылдарында жаңа клубтар пайдалануға берілді.

Назгүл Байкенова, Мәдени-сауық және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім басшысы:

- Ауылдық жердегі мәдени ошақтардың материалдық-техникалық базасын жаңғырту үшін жыл сайын облыстық бюджеттен 350 млн теңге тұрақты түрде бөлінеді. Бүған қоса соңғы екі жылда 2 млрд теңгеден астам ақша бөлініп, 74 ғимарат жөнделді.

Өңірде 51 мәдениет үйі мен 122 ауылдық клуб тұрақты түрде жұмыс істейді. Оларда 8 мыңға жуық бала түрлі үйірмелерге қатысып, шығармашылық қабілетін дамытып жүр. Мәдени ошақтарды жаңғырту жұмысы ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалануға қолайлы жағдай қалыптастырып отыр. 

Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Аман Хамит 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz