Жамбыл облысы Меркі аудандық әкімдігі мердігер шотына 108 миллион теңгені заңсыз аударған.
Қаржы жымқыру дерегін прокурорлар әшкереледі. Жергілікті құрылыс бөлімі қаржыны қабылдау акті мен техникалық бақылаушының нұсқауынсыз тендер ұтқан серіктестікке аудара салған. Ұрланған бюджет ақшасына 2022 жылы Мыңқазан тұрғын алабына жарық желілері тартылуы керек болған. Бірақ 14 гектар жерде басталған құрылыс жұмыстары аяқсыз қалды. Қазір кінәлі тұлғаларға қатысты тергеу жүріп жатыр
Алмас Борантаев, Меркі ауданы прокуратурасының аға прокуроры:
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады. Іс одан әрі тергеу жүргізу үшін ҰҚ-нің Жамбыл облысы бойынша департаментіне жолданды. Қазіргі уақытта тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Тегтер #Заң мен тәртіп #Жамбыл облысы #бюджет #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz