Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің деңгейі түсіп, жан-жаққа жайылған су тартыла бастады.
Бұған дейін уақытша жабылған айналма жол ашылып, көлік қозғалысы реттелді. Дегенмен, саяжай ауданына баратын жол әлі жабық тұр. Полиция қызметкерлері ауданда тәуліктік кезекшілікті жалғастырып жатыр.
Облыста су тасқынының алдын алып, жағдайды бақылау үшін 19 гирологиялық бекет құрылды. Синоптиктердің соңғы мәліметінше, қазір Есіл сабасына түсіп келеді. Судың тартылғанан кейін Петропавлдағы айналма жол ашылды.
Ескендір-Зұлқарнай Бағытжанов, инженер-гидролог:
- Петропавл қаласында Есіл өзенінің деңгейі қауіпті межеден 40 сантимтерге түсті. Өңірде көктемгі тасқын кезеңі қалыпты өтіп жатыр. Судың деңгейі 2024, 2025 жылдарға қарағанда әлдеқайда төмен.
«Дегенмен, асау өзен қала маңындағы саяжай қауымдастықтарына қауіп төндіруі мүмкін», - дейді мамандар. Сондықтан бұл аумақтарда 3 бекет құрылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Полиция қызметкерлері тұрғындардың дүние-мүлкін де күзетеді.
Серік Әлжанов, қалалық полиция басқармасының бастығы:
- Қазір саяжай қауымдастығына баратын жол су астында тұр. Сондықтан тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бұл жерде полиция қызметкерлері күні - түні кезекшілік етеді.
Өңірдегі «Сергеев» су қоймасында көктемгі тасқынның алғашқы толқыны аяқталды. Қазір бөгет үстімен Есіл өзеніне құйылып жатқан су деңгейі 96 сантиметр. «Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ», дейді мамандар.
Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков
Тегтер #Есіл өзені #деңгей #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz