Өңірлік экологиялық саммит аясындағы көрмеге Францияның 5 компаниясы қатысып жатыр.
Олар Солтүстік Қазақстандағы мұнай-газ, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы жаңартылатын энергия, сондай-ақ өндірісті цифрландыру және су ресурстарын басқаруды дамытуға қолғабыс етуде. Көрмеде көпшілікті атом энергетикасы өндірісіндегі көшбасшылардың бірі EDF компаниясы қызықтырды. Өйткені ол еліміздегі алғашқы АЭС құрылысына технология жеткізуі мүмкін. Компания жоғары қауіпсіздікке ие үшінші буын реакторларын өндіреді. Еуропалық одақ елдерінің павильонын Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиоге аралады. Ол тараптардың энергетика және инфрақұрылым бағытындағы байланысы нығая түсетініне сенім білдірді.
Сильван Гиоге, Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі:
- Францияда біз көмірді қолданбаймыз, электр энергиясын өндіру үшін де мұнай пайдаланылмайды. Сондықтан энергетика саласы кезең-кезеңімен Париж келісімі талаптарына, яғни климаттық нормаларды сақтау шарттарына толық сәйкес келіп жатыр. Қазіргі таңда біз Қазақстанда да өкілдік етеміз, «керлинг саммиті» аясында кейбір компанияларымыз мұнай мен газға негізделмеген таза энергия өндіруге бағытталған жобаларын дамытуда. Осы саммитте де су ресурстарын басқару мәселесіне ерекше назар аударып отырмыз. Бұл Қазақстан үшін өте өзекті. Сондықтан қалаларда су ресурстарын тиімді басқаруға арналған шешімдер ұсынбақпыз.
Тегтер #Франция #Қазақстан #энергетика #RES 2026 #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz