Бүгін Таразда «Ұлттық кітап күні» қарсаңында әдеби калейдоскоп ұйымдастырылды.
Шараға мектеп оқушылары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Жалпы Таразда кітапханалардағы әдеби қор жыл өткен сайын ұлғайып келеді. Мәселен, Мұхтар Әуезов атындағы қалалық кітапхана биыл 1500 дана жаңа басылыммен толықты. Қазіргі таңда мұндағы жалпы қор 109 831 данаға жетсе, соның 38 мыңға жуығы қазақ тіліндегі еңбектер. Облыс орталығында аталған кітап үйінің 17 филиалы жұмыс істейді. Мамандар оқырмандар қатарының да тұрақты түрде көбейіп келе жатқанын айтады. Әсіресе, оқушылармен қатар түрлі сала өкілдерінің қызығушылығы артып отыр.
Сәуле Есжанова, кітапханашы:
- Қызықтыру мақсатында әртүрлі ойындар түрінде өткіземіз. Ашық есік күнін өткіземіз. Сонымен қатар жергілікті ақын-жазушылармен кездесу кешін өткіземіз. Сондай-ақ демалыс күндері жай өтпеу үшін біз өзіміздің қаламыздың саябақтарына барып жаңа кітаптарымызды насихаттаймыз.
Тегтер #Тараз #кітап #сайыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz