RU
Толық нұсқаға өту

Қарағанды облысында жаңа жел электр станциясы іске қосылады

22.04.2026, 23:11 23

Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында қуаты 500 МВт жел электр станциясын іске қосады.

Премьер-министр Олжас Бектенов Энергетика министрлігі мен "Karaganda Wind Power" (Қарағанды Винд Пауэр) бірлескен компаниясы арасындағы Келісімді мақұлдайтын қаулыға қол қойды. Жобаға 645 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынады. Станция жыл сайын шамамен 1,6 млрд кВт·сағ "жасыл" электр энергиясын өндіреді деп күтілуде. Жобаны іске асыру жыл сайын шамамен 1,3 млн тонна көмірқышқыл газының шығарылуын азайтуға мүмкіндік береді. Жоба елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға, "жасыл" экономиканы дамытуға және энергетика саласына шетелдік инвестициялар тартуға бағытталған.

Әлімжан Тұрар, ҚР Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры:

- Қазіргі таңда елімізде энергетикалық жүйеде 166 жаңартылатын энергия обьектілері қызмет жасауда. Жалпы орнатылған қуаты шамамен 3,7 ГВт құрайды. 2025 жылдың нәтижесі бойынша осы обьектілердің өндіріс көлемі 7 пайызды құрады. Инвесторға қойылатын талаптардың бірі отандық өнімдерді қолдану, отандық жұмысшыларды кіріктіру.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz