Экология дегенде алдымен жасыл желек еске түседі. Қостанай және Абай облысындағы алапат өрттерге қарамастан елде орман алқаптары ұлғайып келеді.
Президенттің 2 млрд түп ағаш егу туралы тапсырмасы шеңберіндегі жұмыстар жемісін беріп отыр. Былтыр 337 800 гектар алқапта тал шыбық көктеді. Бұдан бөлек, елді мекендер 3,8 млн түп ағаш еккен. Қазір 31,1 млн гектар жер – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қатарында. Бастысы – өрттен сақтануға қатысты шаралар күшейтілді. Жалпы былтыр далада 618 өрт дерегі тіркеліп, 63 300 гектар аумақты от шарпыған. Бір қуантарлығы, күзеттің арқасында ағашты заңсыз кесу дерегі 1,6 есе кеміді.
Бақдәулет Амангелдинов, ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы:
- 2022 жылы Қостанай облысында ірі орман өрті орын алды. Одан кейін 2023 жылы сондай жағдай Абай облысында болды. Соған қарамастан қазіргі уақытта орман қоры ұлғайып жатыр. Оның ішінде орманмен қамтылған жерлер, бұған дейін есепке алынбаған орман алқаптарын анықтау немесе орман орналастыру жұмыстарын, одан бөлек, отырғызылған ағаштарды орман қорына аудару есебінен осы біздің динамикамыз сақталып отыр.
Тегтер #орман #Таңдаулы #экологияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz