Әр сарбаз кемінде бес кітап оқуға міндетті. Бұл бастама Қарулы Күштер сапындағы қызметкерлер арасында оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында қолға алынды.
Бүгінде әскери бөлімдер мен мекемелерде 322 кітапхана жұмыс істейді. Олардың қорында 52 434 дана көркем әдебиет және 198 293 оқу басылымы бар. Кітапхана қоры үнемі толықтырылып отырады. Демеушілік көмек, баспалармен ынтымақтастық, сондай-ақ қайырымдылық акциялары аясында келетін кітаптар көп. Бұл шараларға әскери қызметшілердің өздері де белсенді қатысады. Олардың көпшілігі жеке жинақтарындағы кітаптарды әкеліп, бөлім кітапханаларының қорына тапсырады.
Оксана Әлжанова Ұлттық әскери-патриоттық орталығы әскери-ғылыми кітапханасының меңгерушісі:
- Біздің кітапханамызда отандық авторлардың, әскери жазушылар мен әскери ғалымдардың көптеген еңбектері бар. Олар әскердің қалыптасуы мен дамуы туралы жазылған бірегей құнды еңбектер. Кітапхана қорында 7000-нан астам кітап бар. Бізге Астана мен Алматы қалаларының кітапханалары кітаптар табыстады. Сондай-ақ Ұлттық қорғаныс университетінің кітапханасы да үлкен көмек көрсетті. Бізде сирек кездесетін жинақтар өте көп.
Нұрдос Айтмұхамбетов қатардағы жауынгер:
- Ұлттық-әскери патриоттық орталығында кітапханамыз бар. Кітаптары жақсы. Кеше орыс тілінде «Неистовый узник» деген кітап алдым. Өзіме жалпы саяхат, детектив туралы кітаптар ұнайды. Қазіргі сәтте Мұхтар Шахановтың кітабын оқып жатырмын.
Тегтер #сарбаз #кітап оқу #қарулы күштер #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz