Ормуз бұғазын миналардан тазартуға кемінде жарты жыл уақыт керек. Бұл туралы АҚШ-тың Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған «Уашингтон Пост» басылымы хабарлады.
Алайда бұғазды тазарту жұмысы АҚШ пен Иран арасындағы текетірес толық аяқталмайынша, басталмайды. Кеме қатынасын бұғаттау Америка экономикасын қазірдің өзінде үлкен шығынға батырды. Наурыздың басынан бері Штаттардағы жанармай бағасы екі есе қымбаттап, галлоны 4 долларға сатылып жатыр. Сарапшылар: «Күрделі ахуал билік тізгінін ұстаған республикалықтардың қарашада өтетін Конгресс сайлауында үстем болу мүмкіндігін азайтады», - деп пайымдайды. Трамп Ормузды минадан тазартуға тапсырма берген еді. Ол: «Бұл – біздің әлем алдындағы міндетіміз», - деген. Тегеран 20-дан астам мина орнатқан деген ақпарат бар. Олар GPS арқылы алыстан басқарылады. АҚШ әскері оларды залалсыздандыру үшін дрондар мен роботтарды пайдалануға ниетті.
Тегтер #Ормуз бұғазы #мина #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz