Әскери борышын өтегендер тегін кәсіби білім алады. Астанада запасқа шыққан жауынгерлерге жоғары оқу орындарының білім гранты салтанатты түрде табысталды.
Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Сенат депутаттары, әскери қызметшілер мен олардың туыстары, сала ардагерлері мен оқушылар қатысты. Бұл бастама 2023 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Соның негізінде әскери борышын өтеген азаматтар ҰБТ тапсырмай-ақ, білім грантын иеленуге мүмкіндік алып отыр. Үміткерлер «Сарбаз 2» цифрлық жүйесі арқылы іріктеледі. Мыңнан астам гранттың басым бөлігі Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланға бөлінді. Ал қалғаны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Мемлекеттік күзет қызметіне бағытталған.
Асқар Мұстабеков, ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары:
- Мемлекет басшысы: «Әскер – біздің әлеуметтік саты болу керек» деп айқан еді. Соның бір іс-шарасы бүгін өткізіліп жатқан әскерде мерзімді қызметін ойдағыдай атқарып, үздік көрсеткіштер көрсеткен солдаттарға біз ЖОО-ға түсуге мемлекеттік гранттар беріп жатырмыз.
Ержан Нематжанов, грант иегері:
- Грант ұтып алдым және бұл сертификат жатақханада тегін жатуға мүмкіндік береді. Бұл маған алда үлкен мүмкіндіктер ашады.
Тегтер #әскери борыш #грант #қорғаныс министрлігі #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz