RU
Толық нұсқаға өту

23 сәуір – Ұлттық кітап күні

23.04.2026, 13:07 33

23 сәуір – Ұлттық кітап және кітапханашылар күні. Бүгінде елде 12 мың кітапхана мен 20 мың маман бар. Соңғы 10 жылда 2 мыңнан аса атаумен 6 миллионнан астам дана кітап жарық көрді. 

Елде отандық авторларды қолдауға ерекше мән беріледі. Атап айтсақ, «Ұлттық кітап» және «Ерлік пен еңбек дастаны» атты республикалық байқаулар бар. Жылда «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы табысталады. Сондай-ақ жас қаламгерлерге арналған президенттік арнаулы сыйлық пен «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы беріледі. 

Қазақ әдебиетінің өрісі кеңейіп, әлем елдеріне де танылып жатыр. Мәселен, Шоқан Уәлиханов туралы кітап Римде итальян және ағылшын тілдерінде таныстырылды. Ал қазақ баспагерлері Пекин, Гуанчжоу және Франкфурт қалаларындағы халықаралық көрмелерге қатысып отыр. Франкфуртта Қазақстанның ұлттық павильоны осымен екінші рет ұйымдастырылғанын да атап өткен жөн. Болонья қаласында балалар әдебиетіне арналған 63-ші халықаралық кітап жәрмеңкесінде қазақстандық өнімдер ұсынылды. Ал «Абайдың қара сөздері. Ұрпаққа ұлағат» еңбегі 7 тілге аударылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz