Еліміздің аграрлық өндірісі айтарлықтай өсті. Экспорт көлемі де ұлғайды.
Бұл жөнінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Өңірлік экологиялық саммиттің азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі тақырыптық сессиясында мәлімдеді. Ербол Тасжүреков аграрлық өндіріс кешені соңғы үш жылда тұрақты оң динамика көрсетіп отырған айтты. Мәселен 2025 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 20 млрд долларға жетті, яғни 5,9 пайызға өскен. Ал инвестициялар көлемі 53 пайызға артып, 3,2 млрд доллар болды. Сондай-ақ еліміз азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімдерін шет мемлекеттерге сатуды ұлғайтқан.
Ербол Тасжүреков, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
- Соңғы 5 жылда өнімдерді экспорттау көлемі екі есе өсіп, 7 млрд долларға жетті. 15,3 млн тонна бидай мен астық экспортталды. Былтыр Орта Азия мемлекеттерімен тауар айналымы 3,5 млрд долларға жетті, яғни 30%-ға жоғарылаған. Ең маңыздысы, біз өңделген өнімдерді экспорттап жатырмыз. Оның көлемі 38%-ға артып, 3,6 млн доллар болды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ауыл шаруашылығы #экспортPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz