Жетімдерге берілген пәтерлерде бөтен адамдар тұрып жатыр. Ата-анасыз қалған балаларды баспанамен қамту ісіндегі шикілікті сенатор Андрей Лукин ашық айтты.
Депутат дабыл қағып отырған жәйт тұрғын үй бөлу кезінде жүйелі заңбұзушылықтар орын алған көрінеді. Дерегінше, ел бойынша пәтер кезегінде шамамен 61 мың жетім бала тұр. Оның 43 мыңнан астамы кәмелет жасына толғанына қарамастан, әлі күнге дейін үй ала алмаған. Баспанаға мұқтаждар саны әсіресе Алматы облысы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе облыстарында жоғары. Кей өңірлерде жетім балаларға арналған пәтерлерде бөтен адамдардың тұрып жатқаны анықталыпты.
Андрей Лукин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Статистика жағдайдың қаншалықты күрделі екенін көрсетеді. Ел бойынша берілген 60 мың пәтердің тек 7 мыңы ғана жетім балаларға тиген. Сорақысы сол, кейбір аймақтарда жетім балаларға арналған пәтерлерде басқа адамдар тұрып жатқаны анықталып отыр. Сонымен қатар ақпараттық жүйелерді көшіру кезінде деректердің жоғалуы секілді фактілер тіркелген. Тұрғын үй бөлу процесіне қатаң бақылау енгізіп, белгіленген квоталарды сақтамаған лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігін бекіту қажет.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #жетім балалар #баспана #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz