RU
Толық нұсқаға өту

Былтыр 58 бала терезеден құлап кеткен

23.04.2026, 20:00 32

Жыл басынан бері 47 жан терезеден құлап кетті. Мертіккендермен қатар мерт болғандар да бар. Оның дені балалар.  

Бұл жайлы "112" Біріңғай кезекші-диспетчерлік қызметі хабарлады. Иә, жаз шыққаннан жазатайым жағдайдар жиілейді. Жалғыз шешім - қауіпсіздік қағидаттарын қатаң қадағалау. Мамандар осылай деп отыр.

Күн жылына бергеннен бұл көрсеткіш көбеймесе кемімесі белгілі. Ең қиыны терезеден құлап қаза болатындардың басым бөлігі балалар. Мәселен, сіз айтқан 47 жағдайда 8 адам жантәлісім еткен. Бұл жай ғана сандар емес, бұл тұтас отбасының трагедиясы. Өкінішке қарай бүгін осы тақырыпты толығырақ тарқатуымыз керек. Мамандар дабыл қағып отыр.

Терезе трагедиясы тағы оралды. Осыдан екі күн бұрын астаналық бүлдіршін биіктіктен құлап, қайтыс болды. Ал елордада жыл басынан бері бес бала терезеге телміремін деп төменге ауып кетті. Өкінішке қарай, оның үшеуі қайтыс болды. Ал былтыр бас қалада мұндай 58 жағдай тіркеліп, салдарынан 14 жасөспірім жан тапсырды. 

2025

Терезеден құлады - 58 бала

Қайтыс болды - 14 бала

2026

Терезеден құлады - 5 бала

Қайтыс болды - 2 бала

Әли Арғынбаев, Астана қалалық ТЖД инженері:

- Көппәтерлі тұрғын үйлерді аралау жұмыстары атқарылып жатыр. 1,5 мың адам қамтылды. Одан бөлек 50-ге жуық бала бақша қамтылды. Мектептерде ата-аналармен жұмыс жасаймыз. Көп пәтерлі тұрғын үйді аралаған кезде ОСИ дейді, сол кісілермен жұмыс жасаймыз. Барлық шаралар қабылданып жатыр. Ата-аналарға жеткізіп жатырмыз.

10 мың терезеге бұғаттағыш тегін орнатылды

Дегенмен құзырлылар қолқусырып отырған жоқ. Былтыр мұндай оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында елде 10 мыңнан астам профилактикалық жұмыс жүргізілді. Әлеуметтік аз қамтылған осал отбасыларға 10 мың терезе бұғаттағыш тегін орнатылды. Биыл да бұл іс жалғасын тауып, жыл басынан бері 929 түсіндірме жиыны өттті. 40 мыңдай адам қауіпсіздік ережесімен танысты. Әлеуметтік желілерге 850 мақала жарияланып, 24 мыңнан астам ақпараттық материалдар таратылды. Мыңға жуық терезе бұғаттағыш орнатылды. Дегенмен, түсіндірумен трагедияны тыю мүмкін болмай тұр. Жауапкершілік жүгі ата-анада. Балаңызды бақылаңыз. Қауіпсіздікті қаперде ұстаңыз. Құтқарушылар осылай дейді.

929 іс-шара - 37 мың адам

Мақала - 850

Таратпа материал - 24 мың

Терезе бұғаттағыш - 1 000

Әли Арғынбаев, Астана қалалық ТЖД инженері:

- Ата-аналарға бір айтарымыз балаларды жалғыз қалдырмау. Әсіресе терезе бар бөлмелерде жалғыз қалдырмау. Бір сәттік алданыш басқа жаққа баладан үлкен қайғы әкелуі мүмкін. Бүгінгі таңда көріп отырмыз біз. Жиһаздарды терезе алдына қоймау керек. Ол  балаға саты ретінде терезенің алдына шығуға көмек береді.

Балаңызға бас-көз болмасаңыз айыппұл арқалайсыз

Иә, балаңызға бас-көз болмасаңыз айыппұл арқалайсыз. Құқық қызметкерлері осылай дейді. Себебі сол бүлдіршіндердің бас амандығына алдымен ата-ана жауапты. Перзентінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмағандарға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл шамамен 70 мың теңге. Осының өзінде жыл басынан бері 8 мың ата-ана жауапкершілікке тартылды.

20 АЕК - ₸73 840 

3 ай - 8 мың ата-ана

ҚР Бас прокуратурасы:

- Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар орындалмаса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 127-бабына сәйкес 20 АЕК-ке дейінгі көлемде айыппұл қарастырылған. Бұл – шамамен 73 840 теңге.Тек 3 айдың ішінде осы бап бойынша 8000-нан астам ата-анамен заңды өкіл жауапкершілікке тартылды. Балалардың өмірі мен денсаулығы үшін бірінші кезекте жауапкершілік ата-аналарға жүктеледі.

Баланың қауіпсіздігін дрондар бақылайды

Ал ақтөбелік құтқарушылар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы дрондарды қолданып жүр. Олар жағдайды биіктен бақылап, әрі дыбыс ұлғайтқыш арқылы ақпарат таратады.

Әбілтаев, Ақтөбе облыстық ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының инженері:

- Өткен жылдан бастап халықты құлақдандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл дронның бізге көп пайдасы бар. Өйткені біз әр адамды тұрғызып, жеке жеке түсіндіре алмаймыз. Дрон болса, адамдарды жинауға, бізге түсіндіруге көмектеседі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz