Қызылорда облысының Шиелі ауданында «Таза бейсенбі» акциясына 200-ге жуық адам қатысты.
Олар «Оқшы ата» кесенесі және тарихи-мәдени мұра нысандары мен киелі орындардың маңын тазалауға атсалысты. Тазалық шарасына мекеме ұжымдары, еріктілер мен ардагерлер қатысты. Мыңға жуық ағаш көшеттері егіліп, бір тоннаға жуық қоқыс арнайы полигонға шығарылды.
Нұргүл Шәлекеева, Шиелі аудандық мәслихатының депутаты:
- Оқшы ата, Есабыз ата, Ғайып ата, Қыш ата, Әулие ата, Бала би бабаларымыздың жері. Жалпы жаңа да көріп жатырмыз, қанша елден, Астанадан, Алматыдан келген, зиярат етіп жүрген адамдар бар. Ниеттері қабыл болсын. Осы жерге де келіп тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаш егіп, депутаттар да атсалысып жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қызылорда #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz