RU
Толық нұсқаға өту

Оралда сот-медицина сарапшысы сотталды

23.04.2026, 21:20 29

Оралда 67 жастағы сот-медицина сарапшысы 4 жыл мерзімге сотталды. Марат Жонысов сараптау қорытындысын көпе-көрінеу бұрмалағаны үшін айыпты деп танылды.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың тамызында Ақжайық ауданындағы жеке су қоймаларының бірінен қорықшы Эдуард Победимовтың денесі табылған еді. Алғашқы сараптама нәтижесі оның денесінде зорлық іздері жоқ екенін анықтайды. Алайда марқұмның әкесі мұнымен келіспей, эксгумация жасатады. Қайтара зерттеу кезінде қорықшының 10 қабырғасы сынғаны, өзге де ауыр жарақаттары бар екені, яғни кісі қолынан қаза тапқаны белгілі болады. Істі жан-жақты зерделеген сот өкілдері 30 жылдық тәжірибесі бар маманның бұлай кездейсоқ қателесуі мүмкін емес деген тоқтамға келіпті.

Айзада Жұмағұлова, Орал қалалық сотының судьясы:

- Егер сарапшы күмәнданса, ол қосымша зерттеу керектігін не нақты баға беру мүмкін еместігін айтар еді. Қаза тапқан Победимовтың денесіндегі жарақат басынан белгілі болды, Алайда сарапшы Жонысов ешбір зорлық іздері жоқ деген қорытынды жасады. Сол себепті бұл жерде кездейсоқ қате кетпеген, жалған айтқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін біле тұра, сараптама қорытындысы қасақана бұрмаланған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz