RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да кенттен 3 тонна қоқыс шығарылды

23.04.2026, 22:00 26

Шығыс Қазақстан облысында жаппай тазалық шарасы өтіп жатыр. Оған ауыл-аймақ тұрғындары белсене қатысуда, - дейді жауаптылар.

Мәселен, Глубокое кентінің жұрты күн жылығалы жиі сенбілік ұйымдастырады. «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында орталық саябақ, стадион мен көшелер қоқыстан тазартылды.   Ерікті  жастармен қатар,  кент тұрғындары да барынша  атсалысып жатыр.  3 сағатта 3 тонна күл-қоқыс шығарылды.

Анна Кузнецова, «AMANAT» партиясы Глубокое аудандық филиалының төрағасы:

- Негізі жан-жақты тазалауды қар ери сала бастаған  едік. Дегенмен күн жылынғалы бері тұрғындардың өздері де ықылас білдіріп,  сенбіліктерге шығып жүр.  Қыс бойы қоқыс жиналып қалған учаскелер әлі де бар. Алдағы күндерді  соның бәрін тазалап, қалыпқа келтіреміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz