Алматыда Ұлттық кітап күнінде Олжас Сүлейменовтің шығармалары насихатталды.
«Kitap Fest» фестивалі ақынның 90 жылдығына арналды. Студенттер «Арғымақ», «Махамбетке», «Айналайын» және басқа да шығармаларынан үзінділер оқыды. Сонымен қатар көпшілікке өздерінің өлеңдерін де тарту етті. «Kitap Fest» - жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, ұлттық әдеби мұраны насихаттауға бағытталған.
Гүлбаршын Серікбаева, «Бөбек» колледжі директорының міндетін атқарушы:
- Кітапханада көрмелер ұйымдастырылды. Біздің балалар орталық кітапханаға экскурсияға шықты. Өздерінің өлең жолдары, эссе жазылды. Кітабыңды сыйла. Яғни өзі сүйіп оқитын, оның ішінде қазақстандық жазушылардың шығармалары, шетел шығармалары оның ішінде қандай қазіргі қоғамға керекті құндылықтар бар? Неге көңіл аудару керек. Осы мәселелер қозғалды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Алматы #кітап
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz