Шымкентте «Даңқ» мемориалының аумағы тазартылды. AMANAT партиясының ұйытқы болуымен жүздеген адам тарихи-мәдени кешенді ретке келтірді.
Ескерткіш маңын қоқыстан арылтып, көгалды күтіп-баптады. Сонымен бірге ирригациялық жүйелерді тазартты. Ұйымдастырушылар акция арқылы қала көркін ашып қана қоймай, жастардың бойында тарихи мұраға деген құрметті қалыптастырғысы келеді. Игі шара алдағы Жеңіс күніне орайластырылды.
Абай Сырлыбаев, «Жастар рухы» ЖҚ филиалы төрағасының орынбасары:
- Белсенді жастарымыз, Шымкент қаласының жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, осы аумақта тұратын қала тұрғындары AMANAT партиясының қызметкерлері барлығы осында келіп, ескерткіштерді, мемориалдарды жуып-тазалап жүрміз. Жастар қанаты болып осындай үлкен сенбіліктерді қолдаймыз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Шымкент #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz