RU
Толық нұсқаға өту

Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру барысы қарқын алады

24.04.2026, 12:39 35

Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, биыл 49 іс-шара іске асады.

Алғашқы кезеңде Шымбұлақ аймағы жаңғыртылып, кейін Бутаковка мен Кімасар шатқалдарын дамыту көзделіп отыр. Ал екінші кезең 2027 жылы басталады. Келер жылы Пионер мен Ой-Қарағай курорттарын дамыту және оларды аспалы жол жүйесі арқылы біріктіру қарастырылады. Бұл туралы Премьер-министрдің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Олжас Бектенов, Алматы тау кластері мен Almaty Superski курортын дамыту экономика үшін туристер ағынын ұлғайтып, инвесторларды тартуға тікелей ықпал ететін маңызды жобалар екенін айтты. Алайда оларды жүзеге асыру барысы негізсіз созылып бара жатыр деп, жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жұмыс қарқынын жеделдетуді тапсырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz