RU
Толық нұсқаға өту

Атырау облысындағы бүтін бір отбасының өлімі: күдіктіге қатысты жаңа деректер пайда болды

24.04.2026, 19:37 38

Атырау облысы Жангелдин ауылында бір отбасын қырып салған күдіктіге қатысты жаңа деректер белгілі болды.

Тергеу кезінде күдіктінің қылмысты жалғыз өзі жасағаны анықталды. Бұл туралы облыс прокурорының көмекшісі мәлімдеді. 

Марқұмдардың денесінде ас үй пышағымен салынған көптеген жарақат табылды. Сот-психологиялық және психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес күдікті деп танылған Сұлтан Сәрсемалиевтің ақыл-есі дұрыс екені әрі өз әрекетіне жауап бере алатыны анықталды. Ал күдіктінің жұбайы, марқұмдардың қызы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты соңғы қорытынды әлі шықпады. Тағайындалған сараптамалардың қорытындысы алынғаннан кейін іс сотқа жолданбақ. 

Жандар Болатбек, облыс прокурорының көмекшісі:

- Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты жоғарыда аталғандай сот-психологиялық және психатриялық сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес Сұлтан өз іс-әрекетіне жауап бере алады. Яғни тергеу мен сотта жауап беруге мүмкіндігі бар. Оған ешқандай күштеп, емдеу шаралары қажет етпейді. Анықталған дәлелдемелерге сәйкес Наурыздың мамыр айында қайтыс болғандығы анықталды. Әрі қарай осы келесі отбасы мүшелерінің 2025 жылдың қараша айында қайтыс болғаны анықталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz