Теміртау қаласында жылу желілерінің жалпы ұзындығы 426 шақырым. Соның 180 шақырымы тозып тұр. Бұған дейін жыл сайын кезең-кезеңімен 170 шақырымға жуық құбыр жаңаланған.
Соның арқасында жылу желілерінің тозуы біршама төмендеген. Құбырларды ауыстыру биыл да жалғасып жатыр. Жұмыс барысымен Қоғамдық кеңес мүшелері танысты. Олар «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қарағанды қаласының жылыту және сумен жабдықтау нысандарында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Салаға қатысты мәселелер қоғамдық кеңестің көшпелі отырысында да талқыланды. Мысалы, Ұлттық жобаға енген ауқымды жұмыстың бірі – кеншілер шаһарындағы су тазарту нысанын жаңғырту.
Дүйсенбай Тұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бұл нысан 1974 жылы қолданысқа берілген. Міне, 50 жыл өтті. Ғимарат та, қондырғылар да әбден тозған. Оны ұлттық жоба аясында қайта жаңғырту қолға алынып отыр. Басты мақсат – халықты сапалы сумен қамтамассыз ету. Біз энергетикалық және коммуналдық секторларға қатысты бірнеше нысанды аралап шықтық. Барлығында жұмыс кестеге сай істеліп жатыр.
Тегтер #Теміртау қаласы #коммуналдық нысандар #жаңғыртуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz