RU
Толық нұсқаға өту

Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамы сынақтан сүрінбей өтті

24.04.2026, 22:54 37

Қазақстандық генералдар спорттық тексеруге шығып, өзгелермен тең дәрежеде сынақ тапсырды. 

Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамы дене дайындығы бойынша бақылау сабақтарынан сүрінбей өтті. Олар бір шақырымға дейін жүгіріп қана қоймай, арнайы жаттығулар жасады. Жаттығулардың орындалуын спорт комитетінің мамандары қадағалады. Олар нәтижені ғана емес, төзімділікті сондай-ақ қатысушылардың жалпы деңгейі ерекше назарға алынды. Алаңда медициналық топ кезекшілік етті. Ведомствода атағы мен лауазымына қарамастан, дене шынықтыруға қойылатын талап барлығына бірдей екенін атап өтті.

Қаныш Әбубәкіров, ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер бас штабының бастығы генерал-лейтенант:

- Әскер – бұл тек техника ғана емес, ең алдымен рухы мықты, физикалық тұрғыдан дайын, білімді әрі тәртіпті жауынгер, командирлер әрдайым жеке құрамға үлгі болуы тиіс. Сондықтан талап қоюмен қатар өздері де сол талаптарға сай болуы қажет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz