RU
Толық нұсқаға өту

Көлік-логистика саласын дамыту жайы қандай?

24.04.2026, 23:20 29

Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы құрлықтық транзиттің 80 пайызын қамтамасыз етуге қауқарлы. 

Бұл жайлы бүгін бас қалада өткен басқосуда Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты. «Қазақстан: Орталық Азияның транзиттік хабы» атты көлік-логистика саласын дамытуға арналған семинарда сөз алған Сенат спикері, алыс-беріспен қатар барыс-келісті арттыру мемлекет басшысы тапсырған маңызды міндет деді. Келелі кеңеске сарапшылар клубының мүшелері және осы салада белсенді қызмет атқарып жүрген Талдау мектебінің түлектері қатысты. Олар инфрақұрылым, логистика  салаларында шешім қабылдаудың негізгі қағидаттарын талқылап, пікір алмасты.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Біздің Еуразияның орталығында орналасуымыз және Ресеймен, Қытай, араб елдерімен, АҚШ, Иранмен және басқа да мемлекеттермен достық қарым-қатынасымыз Қазақстанның аймақта транзиттік хабқа айналуына жол ашады. Бұл – ел Президенті тапсырған ауқымды әрі өршіл міндет және мұны міндетті жүзеге асыру қажет. Осы үлкен жұмысты жан-жақты сараптап, мамандарды даярлаудың маңызы өте жоғары. Бұл білім беру семинары Қазақстандағы сараптамалық-талдамалық қауымдастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп сенеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz