RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанның жас патриоттары үздіктер қатарынан көрінді

26.04.2026, 11:35 34

Өзбекстанның Шыршық қаласында өткен халықаралық әскери-спорттық сайыста Қазақстан командасы үздіктер қатарынан көрінді. 

«Абай қырандары» клубының жас сарбаздары қарсыластарынан оқ бойы озып, үздік нәтиже көрсетті. Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресейден келген өрендер түрлі әскери, интеллектуалдық және шығармашылық сайыстарда бақ сынады. 

Абай қырандары командасының құрамында «Жас Ұлан» курсанттарымен бірге Семей қаласының мектептері, колледждерінен, Жарма, Аягөз және Бородулиха аудандарынан іріктелген ең үздік 14 жас өрен бар. Олар – былтырғы Айбын халықаралық турнирінің жеңімпаздары.

Олжас Самарқан, «Абай қырандары» командасының робототехника бойынша жаттықтырушысы:

- Шыны керек, елімізде өткізілетін «Айбын» халықаралық турнирімен идеологиясы бір болғанымен сайыс түрлері сәл әртүрлі. Алайда бұл жарыс маусым айында елімізде өтетін «Айбын» сайысының алында бізге дайындық ретінде жүргізіліп жатыр.

Арқан тартыста Қазақстан командасына тең келер ешкім болмады. Жас патриоттар алдымен алаң иесі Өзбекстанды, сосын Ресей мен Беларусті тізе бүктірді. Сарбаздардың дайындығымен команданың ауызбіршілігі жігіттерді жеңіске жетеледі.

Еркінбек Ағазамбек, «Абай қырандары» командасының капитаны:

- Біз үшін бұл халықаралық жарыс тәжірибе берді. Өзімнің соңымнан ерген бауырларыма үлгі ретінде көрсеткіміз келді. Ертең оларға ақыл-кеңестеріміз айтып отырамыз. Жалпы бізге қатты ұнады.

Акрам Уриллаев, әскери патриоттық клуб жетекшісі:

- Сайыстың ауқымы кең. Жас әскери патриоттар жан-жақты болуы тиіс.

Байқағанымыз өрендер тек спорттық тұрғыдан ғана емес, интелектуалдық ойындар, өнерден де алыс емес екендерін дәлелдеді. Жалпы алғанда командалардың деңгейі өте жоғары. 

Жас патриоттардың халықаралық сайысы жыл сайын ұйымдастыралады. Мұндай шаралар өрендерді әскери өнерге ерте баулып, болашақта қорғаныс саласының мықты маманы болуға шыңдайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz