RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

27 сәуір ауа райы құбылмалы, кей өңірде үсік жүріп, тұман түседі

27.04.2026, 10:08 46

 27 сәуір, аптаның бірінші  күні  Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» мәліметінше,  елдің солтүстігі мен орталығында тұман түсіп, кей жерлерде топырақ бетінде үсік жүреді. Батыс өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Ал оңтүстік пен шығыста күн жылиды, деп хабарлайды «24KZ».

Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде секундына 9-14 метрге, күндіз 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +1…+3 градус болады. Күндіз +13…+15 градусты көтеріледі. 

Алматыда күн құбылмалы бұлтты,  жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің  екпіні секундына 15 метрге дейін күшейеді. Түнде +12…+14 градус, күндіз +19…+21 градус жылы болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz