RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандықтардың жеке деректері ұрланды

27.04.2026, 10:41 52

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қызметкерлері Қазақстан азаматтарының дербес деректерін заңсыз жинау және таратумен айналысты деген күдікке ілінген қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды 24kz.


Биыл наурызда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана және Алматыда ҚР азаматтарының дербес деректерін заңсыз жинау және таратты деген күдікті адамдар тобы әрекетінің жолын кесті.
Тергеу материалдары бойынша қылмыстық іс фигуранттары заңсыз жолмен алынған ақпаратты интернет желісінде сатып келген.

«Сатып алушылар қатарында микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың кейбір өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болған. Тінту барысында компьютерлік техника, электрондық ақпарат тасымалдағыштар, ірі көлемде ақша қаражаты және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді», - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 147, 208 және 210-баптары бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz