RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Коллаж 24kz

Серік Сәпиевтің орнына жаңа басшы тағайындалады

27.04.2026, 11:04 43

 Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалады, деп хабарлайды «24kz».

ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссия отырысында бұл лауазымға ұсынылған кандидатура қаралды.

Шешім бойынша Алматы облысының олимпиадалық резерв даярлау орталығының басшысы Нұркен Нұратовтың кандидатурасы мақұлданды. Оның спорт саласындағы тәжірибесі мен басқарушылық қабілеті оң бағаланды.

Өңірлік спорт басқармаларының басшыларын жергілікті атқарушы органдар ұсынады, ал түпкілікті тағайындау министрлік комиссиясының келісімімен жүзеге асырылады.

Айта кетейік, бұл қызметті бұған дейін әйгілі боксшы, Олимпиада чемпионы - Серік Сәпиев атқарған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz