RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Полиция Halyk+ платформасындағы алаяқтық схеманы анықтады

27.04.2026, 12:03 49

 Ішкі істер министрлігі интернетте таралып жатқан Halyk+ атты инвестициялық платформаға қатысты ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды «24kz»

Әлеуметтік желілерде deepfake арқылы банктердің бірінің басшысының бейнесі қолданылған бейнеролик таралуда. Бұл роликте азаматтарға Halyk+ деп аталатын инвестициялық платформаның көмегімен ірі көлемде ақша табуға болады деген жалған ақпарат айтылады. Алайда ІІМ мұндай платформаның жоқ екенін және ақпараттың алаяқтық мақсатта таратылып жатқанын ескертеді. Ведомство азаматтарды белгісіз онлайн-платформаларға ақша салмауға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және жеке деректерді бөгде адамдарға бермеуге шақырды. Қауіпсіздік үшін қаржылық операцияларды тек ресми банктер арқылы жүргізу ұсынылады. Күмәнді ақпарат байқалған жағдайда немесе алаяқтық фактісі анықталса, құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz