RU
Толық нұсқаға өту

Ауыл шаруашылығы саласын тұрақты дамытуға ден қойылады

27.04.2026, 14:00 32

Елдегі ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға ден қойылып, саладағы заманауи техникалардың саны артады.

Әсіресе Қостанайдағы Локализация орталығының өндірістік базасында ауыл шаруашылығы жабдықтарының өндірісі толықтай іске асады. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов осы саладағы әлемдік компаниялардың өкілдерімен кездесіп, көп жақты келісімдерге қол қойды. Үкімет басшысы аграрлық сектордың дамып келе жатқанын және Қазақстан ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі бойынша әлемде алтыншы орында тұрғанын айтты. Былтыр жалпы өнім көлемі 9 триллион теңгеден асып, астық жинау 26 миллион тоннаға жеткен. Бүгінде егіс алқаптарында 130 мыңнан аса трактор, 30 мыңға жуық комбайн және мыңдаған тіркемелі әрі аспалы техника жұмыс істеп тұр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz